Құрық портында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде ер адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Саржа» көпфункциялы теңіз кешенінің аумағында (Құрық порты) жүргізіліп жатқан бұрғылау-жару жұмыстары кезінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға сілтеме жасап.

«20 қараша күні «Саржа» көпфункциялы теңіз кешенінің аумағындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде «ВзрывБурСервис» ЖШС бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізді. Осы құрылысқа «Semurg Invest» ЖШС тапсырыс берген. Бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1969 жылғы жұмысшы қаза тапты», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабарламада «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Саржа» көпфункциялы теңіз кешенінің аумағындағы құрылыс нысандарына қатысы жоқ екені айтылады.

Соңғы жаңалықтар