Құрық портында алғашқы миллион тонна жүк тасымалы тіркелді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Құрық портының теміржол паромдық терминалында операциялық қызмет басталғаннан бергі алғашқы миллион тонна жүк тасымалы тіркелді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 

null
Порт арқылы тиелген жүктердің негізгі тізілімінде мұнай өнімдері, химиялық тыңайтқыштар, халық тұтынатын тауарлар, металл өнімдері, машиналар мен жабдықтар бар. 2017 жылдың соңына дейін терминал 1,2 млн. тонна жүк тасымалдайды, ал келесі жылы бұл көрсеткішті 2 млн. тоннаға дейін жеткізеді деген жоспар бар.

Құрық портының теміржол паром терминалы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, өткен жылдың соңында іске қосылған болатын. Қазіргі уақытта Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерінің аясында Құрық портында қуаты 2 млн. тонна болатын автомобиль паромдық терминалы құрылысының екінші кезеңі жүріп жатыр. 
null 

Жобаны іске асыру Құрық портының Еуропа мен Азияны жалғайтын халықаралық көлік дәлізіндегі негізгі байланыстырушы болуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» АҚ маркетингтік зерттеуіне сәйкес 2020 жылға қарай күтілетін құрғақ және паромдық жүк ағыны Қазақстан теңіз порттарының бағытында 13,7 млн. тоннаны құрайды. Негізгі транзиттік жүк ағыны контейнерлерде тасымалданатын Оңтүстік-Шығыс Азиядан, соның ішінде Қытайдан шыққан тауарлардан құралады. Орташа есеппен жылына 300 мың контейнерге дейінгі тасымал орындалады деп болжануда.

 null 

Соңғы жаңалықтар