Курильдегі Кунашир аралынан киттің денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Курильдегі Кунашир аралының жағасынан өлі кит табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsru.com сайтына сілтеме жасап.

Теңіз сүтқоректі жануарының денесі Тынық мұхиты жақтағы Весловский түбегінің Весло мүйісіндегі толқындар арасында жатқан. Қорық қызметкерлері оқиға орнына барып, мамандардың генетикалық сараптама жүргізуі үшін кит жасушаларының сынамаларын алды.

Киттің жақын арада өлгені көрініп тұр, себебі өзге жануарлар оның денесін жеп үлгермеген, делінген хабарламада.

Қорық қызметкерлері киттің солтүстік сүңгуірі (северный плавун) екенін анықтады. Балықтың бұл түрі тұмсықты тұқымдас, отряд тармағы бойынша тісті киттер түріне жатады. Кит денесінің ұзындығы сегіз метр, кеуде тұсының жуандығы шамамен үш метр.

Бұл киттің ең аз түрі және олар Тынық мұхитының солтүстік бөлігіндегі терең суларда тіршілік етеді. Таралу аймағы Жапон аралдарынан Анадырь шығанағына дейін қамтиды. Үлкен киттердің ұзындығы 12-13 метрге дейін жетеді және 5-20 кит топтасып өмір сүреді. Көбінесе кальмарлармен қоректенеді.

Қорық қызметкерлері оңтүстіккурильдік аралдарда теңіз сүтқоректілерінің өлі денесінің жиі табылатынын айтуда. 2011 жылға дейін, яғни, қорық жұмыс істеген 27 жылда 11 өлі кит табылды, олар - жолақты, кашалоттық, тұмсықты және дельфиндік төрт түрлі тұқымдас киттер болған.

Ал 2012-2015 жылдары бес түрлі кит денесі жағаға шығып қалды, оның бірі - осы жолы табылған солтүстік сүңгуірі.
Киттер мен өзге де сүтқоректілердің жағаға шығып қалуының нақты себебі әлі анықталған жоқ. Сонымен қатар, Сахалиндегі жұртшылық қиын жағдайға тап болған киттерге тұрақты түрде қол созып тұратын көрінеді.

Соңғы жаңалықтар