Күрес: Щучьеде халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучье қаласында ҚазКСР-ның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Ахметжан Қазымбетовтің құрметіне арналған халықаралық турнир өтті. Спорт додасында 2001-2003 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында еркін және әйелдер күресінен жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақсы» спорт кешенінде ұйымдастырылған байрақты бəсекеге Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген әр салмақтағы 400 астам спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 10 алтын, 15 күміс, 27 қола медальға қол жеткізді (Оның ішінде Ақмола облысының палуандары 1 күміс, 5 қола медаль иеленді). Өзбекстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс жəне 4 қола медаль, Əзірбайжан 3 алтын медаль, Қырғызстан 2 алтын, 1 күміс жəне 5 қола медаль, Ресей атынан қатысқан Бурятия командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алса, Саха (Якутия) командасы 1 алтын мен 1 күміс медальді қанағат тұтты.
null null null 

Сонымен қатар, «Ең үздік техника» аталымы мен А.Қазымбетовтің арнайы сыйлығының иегерлері де марапатталды.

Соңғы жаңалықтар