Құпия тұтынушылар «Магнумда» шіріген мандариндерді таппады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Мейрам Молдашев құпия тұтынушы ретінде Астанадағы «Магнум» сауда орталығына барған сарапшылардың жұмысының қорытындысын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біздің сарапшылар құпия тұтынушылар ретінде «Магнумның» сауда сөрелерін тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша сапасыз тауар кездескен жоқ. Бәлкім, сауда орталығының өкілдері әлеуметтік желідегі тұтынушылардың наразылығын көріп, ол мандаринді алып тастауы мүмкін. Нақтысын айта алмаймын», - деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне телефон арқылы жауап берген Мейрам Молдашев.

Ол өз сөзінде сауда нүктелерін ресми түрде тексеру үшін тұрғындардан нақты шағым келіп түсуі керектігін еске салды.

«Біз прокуратураның рұқсатынсыз ресми түрде тексеру жүргізе алмаймыз. Рұқсат алу үшін - тұтынушылардан нақты шағым түсуі тиіс», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Астанадағы «Магнум» сауда орталығының бірінің сөресінде шіріген мандариндердің тұрғанын жазып, наразылықтарын білдірген болатын. Фотосурет «Жаңа жыл кезінде «Магнум» ашық түрде шіріген мандариндерді саудалады» деген жазбамен әлеуметтік желіге тарап кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар