Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -17 °С
Алматы: -9 °С
USD 327.89 EUR 400.91
RUB 5.81 CNY 50.92
Жаңалықтар

Күніне 5-6 келі ет жейтін жолбарысты асырау бізге тиімді ме

2017 жылғы 7 желтоқсан 11:40 1104
Поделиться:
Күніне 5-6 келі ет жейтін жолбарысты асырау бізге тиімді ме

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Парламент Мәжілісінің депутаттары Іле-Балқаш резерватында Амур жолбарыстарын өсіруге байланысты өз алаңдаушылықтарын білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетсек, ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов бүгін Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын. Оның барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген жолбарысты өсіру бағдарламасына қатысты Қайрат Айтуғановқа сауал қойды.

«БАҚ арқылы 200 Амур жолбарысын Іле-Балқашқа жіберіледі деген ақпаратты оқып жатырмыз. Оған біз қаншалықты мұқтажбыз? Қаншалықты бұл халқымызға немесе табиғатымызға керек? Ол жіберетін аймақта тұрып жатқан халық бар. Ол елдің шаруашылығы бар. Әлбетте, жолбарыстың жіберілуі туризмді дамытуға серпін беретін шығар, дегенмен жолбарысты асырауға кететін қаражат  аз емес деп ойлаймын. Ресейдегі бір мәліметке қарасақ, бір кірпіні асырауға 83 теңге кетеді екен. Есектің күтім бағасы 85 теңге. Жолбарыстың күнделікті жейтін 5-6 келі етін біздің отбасылар бір айда жей ме, жемей ме? Жолбарыс өсіру бізге қаншалықты бізге қажет?», - дейді Ержан Құдайберген.

Депутаттың сауалын «Бірлік» партиясы атынан Нақыпбек Сәдуақасов іліп әкетті. Оның пайымдауынша, жолбарыс - мысық емес.

«Ол жерде тайга немесе джунгли жоқ. Ол жерде халық еркін қойын бағып жүр. Жолбарысты әкелгенде өте қауіпті екені ескерілді ме? Ол жолбарыс біздің Іле-Балқаш өңіріне жерсінбейді. Ол жердің бәрі жазық. Неге соншама артық ақшаны шығын қылып, халыққа қауіп туындатады екенсіздер. Жалпы пиар не керек?» - дейді депутат.

Қайрат Айтуғановқа қойылған АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы Марлен Айнабеков жауап берді.

«Жолбарысты асырау үшін Іле-Балқаш резерваты құрылып жатыр. Бұл - 15-20 жылдың бағдарламасы. Алғашқы бес жыл біз сол аумақтағы тоғайды қалпына келтіруге кетеді. Ол жерге тораңғы ағаштары отырғызылады. Екіншіден, резерватта елік, қабан аңдары көбейтіледі. Біз бірден 100 жолбарысты алып келмейміз. Ең біріншіден, азығын, орманын дайындап барып жолбарыстарды жібереміз. 415 мың га жер зерттелді. Бағдарлама 20 жылға арналған», - дейді ол.

Марлен Айнабеков сонымен бірге, шығындар есептеліп отырғанын атап өтті.

«Іле-Балқашты зерттедік. Мәселен, Қиыр Шығыста бір жолбарыс туризм саласында 1 миллион долларға дейін табыс әкеледі екен. Демек, туризм арқылы жолбарысты өсіру жұмысы өзін-өзі ақтайтын болады. Бұл - пиар емес! Біріншіден, біз флора мен фаунаны қалпына келтіруді көздеп отырмыз. Балқашта соңғы жолбарыс 1949 жылы өлтірілген. Генетика бойынша Балқаш жолбарысы өмір сүретін жерде Амур жолбарысы да мекендей алады», - деп түйді Марлан Айнабеков.

 

 


Басты сөздер: ҚР АШМ, Парламент, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат