Құмар Ақсақалов кіріс әкелетін дақылдарды егуге кеңес берді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Тимирязев ауданына барды. Аймақ басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімнің бірінші барған нысаны Дмитриев орта мектебі болды.

Мектеп 200 оқушыға арналған, алайда, қазір мұнда 71 бала білім алып жатыр. Биылғы жылы бірінші сыныпқа 8 бала барды. Мектеп жанында мектепке дейінгі даярлық тобы жұмыс істейді. Облыс әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті.

Құмар Ақсақалов кездесуді жергілікті биліктің ауыл шарушалығы өнімдерін өндірушілермен бірлесіп тұрғындар өмірінің сапасын жақсартуы мәселесінен бастады.

«Атқарушы билік пен ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер бірлесіп ауыл тұрғындарының табысын арттыруы тиіс. Бұл басты мәселе. Қазір біз не істей алдық және алда қандай істер атқаруымыз керектігін сарапқа саламыз», - деді аймақ басшысы.

Одан кейін Құмар Ақсақалов Москворецкий ауылдық округінде болды. Бірінші кезекте облыс әкімі Москворецкий ауылындағы әлеуметтік маңызы бар нысандармен танысты.

Қазіргі уақытта елдімекенде дәмхана құрылысы аяқталып, жаңа үйлер салынып жатыр. Құмар Ақсақалов Москворецкий орта мектебінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Мектеп директоры Қайыргелді Қожиннің айтуынша, мұнда 22 педагог жұмыс істейді, олардың 8-і жоғары санатты. Жаңа оқу жылы қарсаңында 4 мультимедиалық кабинет жабдықталды. Қазір 220 орындық оқу мекемесінде 67 бала оқып жатыр.

Аймақ басшысының ауыл тұрғындарымен кездесуі барысында ауыл әкімі Светлана Соболевская сөз алды.

Кездесуді аяқтаған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов іссапарының қорытындысын шығарды.

«Егіс алқаптарын әртараптандыру қажет, демек кіріс әкелетін өнімдерді өсіруді қолға алатын кез келді.  Қазіргі уақытта бидайдың тоннасы 43 мың теңге тұрады, рапс - 120 мың теңге, күнбағыс - 90 мың теңге, ал, жасымық - 200 мың теңге. Осы дақылдарды өсіре отырып, тиімділікке қол жеткізіп, тұрғындарға лайықты еңбекақы төлеп, үй  және басқа да нысандар тұрғызуға болады», - деді аймақ басшысы. 

null

Соңғы жаңалықтар