Құмар Ақсақалов кәсіпкерлікті қолдау бағыттарындағы жұмысты сынға алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте өткен жиында инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Ратмир Ахметовтің өңірдегі маңызды жобалардың кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында іске асырылып жатқандығын атап айтты.

Әкім орынбасарының сөзіне қарағанда, кәсіпкерлікті қолдау картасына биыл 5 жаңа жоба кірген. Онда жалпы сомасы 65 миллиард теңгені құрайтын 36 жоба бар. Олардың бірі - Айыртау ауданында «Сырымбет» АҚ тау-кен-металлургиялық кешені.

Петропавлда бос ғимараттары көп өндірістік аудандар бар. Олардың базасында жаңа кәсіпорындар құруға болады екен. Осы ретте облыс әкімі өңірде Кәсіпкерлікті қолдау картасын іске асырылу барысын сынға алды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың пікірінше, кәсіпкерлікті дамытуды тиімді тәсілдер аса қажет. Бес ауданда жобалар мүлдем жоқ. Қытай инвесторларымен бірлесіп жоспарланған үш жобаның нақты біреуі ғана іске асырылған.

Әкімнің сынына қатысты Р. Ахметов өңірлік карта өзектендірілгендіріліп жаңа нысандар қосылғандығын, одан мемлекеттік қолдау көрсетілмейтін жобалар алынып тасталғандығын тілге тиек етті.

«Мен республика бойынша жағдайды қарап отырмын. Біз жобалардың көпшілігін пысықтаудан өткізбей, тізімнен алып тастағанмыз. Жобаларды іске асыру барысында сапаның маңызды екендігін естен шығармауымыз керек», - деді Құмар Ақсақалов.

Бұдан басқа,  облыс әкімінің сынына мемлекеттік органдар сайттарын ақпаратпен толтыру мәселесі де ілікті.

«Интернет-ресурстарда аудан, қалалардың инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат жоқ», -  деді әкім.

Жиын соңында өңір басшысы инвестицияларды тарту жұмыстарын өзі тікелей бақылайтындығын және ол бойынша тиісті басшылардың есеп берулері қажеттігін айтты.  

Соңғы жаңалықтар