Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығына қайта сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) кезектен тыс конференциясы өтті

Күн тәртібінде боксшыларымыздың Риода көрсеткен өнері және федерацияның жаңа президентін сайлау мәселелері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференция қатысушылары бокс федерациясына Тимур Құлыбаев жетекшілік ете беруі үшін бір ауыздан дауыс берді. Оның аталмыш федерация басшылығындағы төртжылдық мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсанында аяқталуі тиіс еді.  

Тимур Құлыбаев Қазақстанның бокс федерациясына 2009 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Ол Олимпиада қорытындысына қатысты пікірін білдіре келе: «Төрелік бойынша сұрақтар өте көп. АИБА-ның алдағы отырысында мұның бәрін талқылайтын боламыз. Василий Левиттің ақтық сынында жағдай қалай қалыптасқандығын білесіздер - АИБА-ның атқарушы директоры қызметінен босатылды, барлық төрешілер шеттетілді.  Бірақ одан бізге жеңіл болған жоқ. Елбасы Левиттің және федерацияның барлық жұмысын бағалады. Бұл біз үшін қажетті баға», - деп атап өтті.  

ҚБФ президенті ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жұмысына оң баға беріп, оған және барлық жаттықтырушыларға сәттілік және төзімділік тіледі. 

Соңғы жаңалықтар