Күлекбаев алматылық кәсіпкерге қатысты істі мойындаған жоқ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күлекбаев алматылық кәсіпкерге қатысты істі мойындаған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мещеряков (кәсіпкер - агенттік) бойынша тағылған айыптарды мойындамаймын. Шолақ мылтықты Сапарбековтен алды деген айыпты да мойындамаймын. Мен қаруларды Қызылордадан алдым. Қызылордадан алып келдім», - деді Руслан Күлекбаев басты сот отырысында.  

«Мен қаруларды Қызылордадан алып келдім. Қалай күн көрдің деген мәселе болған соң айта салдым. Мещеряковқа қатысты мойындамаймын. Сапарбековтен мылтық алғам жоқ, қаруларды Қызылордадан алдым. Мен қазір ештеңеден қорықпаймын,  өмір бақи соттаса да, ешкімнен қорықпай отырғанымда мен қарақшылық шабуылдан бастартады дейсіз бе?» - деді Руслан Күлекбаев.

Еске сала кетейік, сотта бүгін сөйлеген жәбірленуші Мещеряков өз пікірін айтқан Алматыдағы терактіге қатысты өтіп жатқан сот отырысында кәсіпкер Вячеслав Мещеряков Руслан Күлекбаевтың қалай шабуыл жасағанын айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«23 қазан күні 2015 жылы кешкі уақытта Руслан Күлекбаев мені 13 шағын аудандағы 4 үйдегі кіре берісте күтіп тұрған. Ол маған травматикалық қарудан 5 рет оқ атып, сөмкемді алып кетті. Сөмкеде құны 110 000 теңге тұратын iPad 2 планшеті болды. Ұрланған сөмке 40 000 теңге, барлығы 150 000 теңге материалдық шығын келтірді», - деді кәсіпкер.

Кәсіпкерге дейін сотта айыптау актісін оқыған прокурор Бақашбаев Күлекбаевтың ісіне қатысты 5 сотталушының осы қылмыстық істі Күлекбаевпен сөз байласу арқылы жүзеге асырғанын айтқан болатын.

Прокурор Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов Күлекбаев аталған қылмысты жүзеге асыруына жағдай жасап, бөгде адамдардың жақындамауын қадағалап тұрғанын айтты.

Сотта, прокурордың айтуынша, Күлекбаев қылмыстық тобындағыларға Вячеслав Мещеряковтың арақ-шарап сатумен айналысатынын, оны тонау күнә емес, керісінше, ол күнәһар екенін айтып, өзінің діни көзқарасын білдіріп, өзгелерді үгіттеген.

Сотта тергеуде анықталмаған Мирас есімді біреуден Вячеслав Мещеряковтың 5-6 млн теңгені өзімен тасымалдап жүретінін біліп, қарулы шабуылды жоспарлағаны айтылды. Алайда, Вячеслав Мещеряков сотта автобөлшектер сатумен айналысқанын, ондай көп мөлшердегі қаражатты банк инкассациясы арқылы ғана жүзеге асырғанын жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар