Құлаққаппен әуен тыңдау қызылордалық азаматты ажалға ұрындырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Апат Белкөл станциясындағы теміржолда орын алған. 20 қазанда шамамен таңғы сағат 08:19-да «Белкөл» станциясында Қызылорда қаласының тұрғыны 40 жастағы азаматты жүк пойызы қағып кетті.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.

Тексеру кезінде қаза тапқан адам теміржолды кесіп өткенде құлаққап арқылы әуен тыңдап жүк пойызын көрмей қалған.

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша Қызылорда желілік ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар