Құлағы бетіне өсіп кеткен шымкенттік балаға операция Алматыда жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құлағы бетіне өскен балаға операция Алматыда жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 жасар Нышанбекке оңтүстікқазақстандық дәрігерлер есту жолының атрезиясы және туабітті дамудың тежелуі деген диагноз қойған. Баланың емдеу ісін алматылық меценат қолына алды. Ол медициналық тексеру шараларына қаржы бөліп, баланың ата-анасы перзентімен Алматыда болып қайтты, порталсыз ем кезегіне тұрды.

«Біз тексеруге Алматыға барып қайттық. Порталға құжаттарды өткізіп, дәрігерлер операцияны сәуірге белгілеп отыр»,-деді баланың әкесі Нұрбол Қондыбаев.

Нышанбектен бөлек отбасында тағы екі бала өсіп келеді.

Соңғы жаңалықтар