Кулагин соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин аға буын өкілдерін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесімен құттықтады. Салтанатты жиынға ҰОС және еңбек ардагерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі жиналғандарды мерекемен құттықтай отырып, аға буын өкілдеріне қамқорлық көрсету - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігін атап көрсетті.

«Биылғы жылы еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Осы жылдар ішінде біз үлкен даму кезеңінен өтіп, адамдардың өмір сапасын арттыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Бұған еліміздің азаматтарының, соның ішінде аға бауынның да қосқан үлесі зор. Жыл сайын мемлекет тарапынан азаматтардың өмір сапасын арттыру мен олардың елдің әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық, мәдени өміріне атсалысуларына қажетті жағдайлар жасалып келеді. Қарттарға көрсетілетін мемлекеттік көмектер көбейіп, ҰОС ардагерлерінің баспана мәселелері шешілуде»,-деді Кулагин.

Өз кезегінде ардагерлер облыс басшысына қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Ақмола облысында бүгін 100 мыңнан астам зейнеткерлер бар. Олардың 138-і ҰОС ардагерлері, 7 102 тыл еңбеккері мен 1 422 ҰОС теңестірілген азаматтар бар.

null 

Соңғы жаңалықтар