Кулагин бір топ Аршалы тұрғындарын Құрмет грамоталарымен марапаттады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Аршалы ауданына болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА-нің тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

null null null
Аймақ басшысы алдымен Жібек Жолы ауылында орналасқан «Ормис Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. жылына 7200 дана құрылыс материалдарын (СИП панель) шығарады. Өндіріс  қуаты жылына 10000 шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын құрайды.  

Жыл басынан бері кәсіпорын 670 миллион теңгенің құрылыс бұйымдарын өндірген. Бүгінде бұл жерде 20 адам еңбек етеді. Кəсіпорын басшысы Ербол Қазбековтың айтуынша, өндірістік цехтан басқа серіктестік туризмді дамытумен де айналысады. Осы мақсатта серіктестік меншігінде 10 нөмірлік қонақүй, 100 орындық банкет залы және ағаштан жасалған 12 қима үй бар. Өңір басшысы кәсіпорын жұмысына оң бағасын беріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі. 

null null null null  

Онан соң әкім темір бұйымдарын шығаратын «Кубик» өндірістік компаниясының қызметімен танысты.  Кəсіпорын басшысы Рүстем Бейсембековтің сөзіне қарағанда, кәсіпорын ашылғалы, яғни 2016 жылдың маусымынан бері 5 тонна металл өнімдері өндірілген.  

"Сіздердің бизнес-жобаларыңыз біздің аймақ үшін өте маңызды. Мемлекет үнемі кәсіпкерлікке қолдау жасап келеді және алдағы уақытта да қолдайтын болады. Мемлекеттік органдар бизнес өкілдерінің белсендігіне мүдделі", - деді өңір басшысы кəсіпорын ұжымымен кездесуі барысында. 

null null null  

Алда келе жатқан ҚР тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Аршалы ауданының үш бірдей елді мекені тазартылған ауыз сумен қамтылатын болды. Арнасай ауылында Аршалы кентіне дейін ұзындығы 22 шақырым болатын су тартқыш кешен желісін қайта жөндеу жобасы «Сапалы су» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде мұнда 3 су тартқыш станса, 2 резервуар, су жинау және тазарту қондырғылары салынды. Енді 2500 абонент тазартылған ауыз суды пайдаланатын болады. Облыс әкімі осы жаңа су тазарту кешенінің жұмыстарын көрді.

null null null null  

Әрі қарай аймақ басшысы Аршалы ауылындағы №2 орта мектептің жұмысымен танысты. Айта кету керек, бұл білім ошағы 1962 жылы салынғанымен бірде-бір рет  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Аталған білім ордасындағы мұғалімдер ұжымы  жəне жоғары сынып оқушыларымен кездескен Сергей Кулагин келер жылы ғимаратта  күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жұмыс сапары аясында аудандық мəдениет үйінде жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдап, сауалдарына құлақ түрді. Сұрақтардың дені коммуналдық мәселелерді қамтыды және тиісті жауаптары берілді. Жұмыс сапарының соңында С. Кулагин Аршалы ауданы активінің жиналысына қатысып, аудан əкімі Азамат Тайжановтың  ағымдағы жылдың 11 айы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндамасын тыңдады, сондай-ақ, əр салада табысты еңбек еткен бір топ аршалықтарды Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар