Құл-Мұхаммед министрліктерде қандай адамдар жұмыс істеуі керектігін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттік қызметте қандай адамдар жұмыс істеуі керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Елбасының бастамасымен Конституцияға тарихи өзгерістер енгізілді. Ол мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырды. Атқарушы биліктің өкілеттігі айтарлықтай ұлғайды, барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі күшейді. Сондықтан сапалы жаңа аппаратты қалыптастыру жөніндегі Мемлекет басшысы алға қойып отырған тапсырмалар мүлтіксіз орындалуы тиіс. Бізге заңдылықты қатаң сақтайтын, кәсіби жағынан білікті және жауапкершілігі зор мемлекеттік қызметкерлер қажет»,-деп тоқталды М. Құл-Мұхаммед мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері жөніндегі партиялық тыңдаулар барысында.

null  

Осы орайда ол Қазақстанда посткеңестік республикалар ішінде бірінші болып 2006 жылы Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік құрылғанын, сондай-ақ еліміз мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы қабылдағанын еске салды.

«Сондықтан Қазақстандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң да, агенттік те, жалпы қызметшілердің жұмысы да халықаралық биік  талаптарға сай болуы керек деп есептейміз. Өйткені әрбір мемлекеттік қызметкердің ең басты міндеті - халыққа қызмет етіп, өзінің берген сертіне адал болу»,-деді Құл-Мұхаммед.

null

Мұнымен қоса, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнама қабылданғаннан бері байқалған өзгерістерге тоқталды.  

«Мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң қабылданғалы бір жылға жуық уақыт өтіп, осы ретте оңтайлы үрдіс байқалып отыр. Бұл заңнама қалай жұмыс істеп жатқандығы тұрғысында тиісті қорытынды жасауға болады. Ол қабылданғаннан кейін 6 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер мансап бойынша жоғарылады»,-деді ол.  

Соңғы жаңалықтар