Құқықтық салада сенім болмаса, рейтингтердің құны көк тиын - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқықтық реформа тұрғысында кез келген рейтингке қарап жұмыс ретін түзеуге басымдық бермеген дұрыс. Бұл туралы сарапшылар бірлестігімен өткен ашық диалог барысында «Oil Gas Project» ЖШС директоры Жарас Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетсек, сарапшылардың басқосуында ҚР Экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық  даму жоспарын таныстырған болатын . 

Министрдің айтуынша, аталған құжатта 7 реформаға басымдық берілетін болады. Құжаттың төртінші реформасы - «Жемқорлықсыз құқықтық мемлекет» деп аталады.

«Құқықтық реформа тұрғысында кез келген рейтингке қарап жұмыс ретін түзеуге басымдық бермеген дұрыс. Ең бастысы - азаматтардың сенімі керек. Егер азаматтарда сенім қалыптасса - реформа орындалды деген сөз. Қандай да бір индексте, рейтингте біздің біздің нешінші орында тұрғанымыз маңызды емес. Егер құқықтық салада қанша жоғары рейтингте тұрғанымызбен, азаматтардың сенімі болмаса - бұл рейтингтің құны көк тиын», - дейді сарапшы

Жарас Ахметов өз сөзінде, ҚР 2025 жылға дейінгі стратегиялық  даму жоспары туралы пікірін білдірді.

«Менің қылмыстық істерге тараптардың бірі ретінде қатыспағаныма біршама уақыт болды. Күн сайын азаматтық және қылмыстық істерге қатысатын заңгерлермен, адвокаттармен ақылдасып жүрмін. Олар маған: «Барлығын бір ауыздан қолдаймыз. Егер белгіленген жоспарлар легі енгізілсе, еліміздегі құқықтық жүйе жақсы жағына өзгерер еді. Бірақ, ең басты мәселені ұмытпау керек. Мәселен қылмыстық процестегі тараптардың тең құқықтылығы соңғы 20 жыл бұрын бізде енгізілген. Бірақ, біз күні бүгінге дейін бұл теңқұқықтылықтың жоқ екенін білеміз», - дейді ол. 

Соңғы жаңалықтар