Құқығыңыз тапталды ма - Шымкенттегі орталық сізге көмек береді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Құқық қорғау қызметтер орталығы» ашылған 25 күн ішінде 915 тұрғынға көмектескен. Бұл туралы орталықтың сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісінде сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың сарапшылар кеңесінің төрағасы әрі облыс прокурорының аға көмекшісі Болат Байнеевтің айтуынша, құқықтық көмек сұрап келгендердің басым көпшілігі жер мен үй мəселелерін қамтыған. Сонымен қатар сот актілерінің орындалу немесе орындалмау даулары проблемалары да жұртты толғандырып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,   356 азамат орталықтағы прокурорлардың қабылдауында болса, 162 тұрғын адвокаттардың көмегіне жүгінген. Ал,  148 тұлға облыс əкімшілінің қызметкерлерінен көмек алса,  94 адам сот орындаушылардың қызметтерін пайдаланған. Тағы 73 азамат медиаторлардың көмегіне жүгінсе, 34 адам жергілікті  полиция қызметтері жөнінде сауал қойыпты.  21 тұрғынға Мемлекет кіріс департаментінің қызметкерлері қолғабыс етсе,  16 азамат психолог маманының қабылдауында болған. Өзгелері  құқықтық статистика басқармасының қызметкерлерімен сөйлесіп, 2 азаматқа  пробация жөнінде құқықтық қызмет көрсетілген.

Орталық сарапшылары ендігі жерде БАҚ өкілдері арқылы соттардың, құқық қорғау органдардың, əкімдіктердің ғимараттарында, жол бойындағы көліктерде мүмкіндігінше жарнамалық қағаздар таратуды көздеп отыр. Олар жергілікті халықты тегін құқықтық көмек алуға шақырмақ.

Соңғы жаңалықтар