Күдіктіні атқан тәртіп сақшыларының оғы екі әйелге тиді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиялық тәртіп сақшыларының күдікті көрінген машинаға оқ жаудыруы салдарынан  49 жастағы әйел мен оның 16 жасар қызы жараланды.

ANSA агенттігінің хабарлауынша, келеңсіз жағдай жұма күні Римдегі аудандардың бірінің аумағында болған.

Автомобиль жүргізушісі карабинерлердің тексеру үшін тоқтауға берген бұйрығына  бағынбаған. Керісінше жылдамдықты арттырып, оларды қағып кетпекке әрекеттенген.

 Тәртіп сақшыларының бірі күдікті автомобильді атады. Бірақ оқ мотороллермен келе жатқан әйелге тиеді. Агенттіктің анықтауынша,

жарақаттанған әйелдер шұғыл ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнынан ізін жасырған жүргізуші іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар