Қуатталып жатқан телефонмен сөйлескен қызды тоқ ұрып, қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Новгород облысында сегіз жасар қыздың өлімі бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Новгород облыстық Ресей тергеу комитетінің тергеу басқармасы хабарлағандай, алдын ала дерек бойынша, бүлдіршін қыз ұялы телефонмен сөйлесіп жатқан сәтте тоқ ұрып, қаза тапқан, деп хабарлады ria.ru. 

Бұл уақытта гаджет электр қуатына қосулы болған.

Қыздың мәйіті сенбі күні табылған, оның денесінен зорлықпен өлтіру белгілері байқалмаған. Тергеу басқармасы анықтағандай, қайғылы оқиға орын алған отбасы кәмелеттік жасқа толғандар ісіне қатысты профилактикалық жүйе органдарының есебінде тұрмаған.

Соңғы жаңалықтар