Қуанышты әлі сезіне алмай тұрмын - Азиада чемпионы Ян Савицкий

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияда өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында чемпион атанған биатлоншы Ян Савицкий жеңісті сәттен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бұл жарысқа Еуропадан шамалы уақыт бұрын ғана үшып келдім. Сегіз сағат ұшақта отыру да оңай емес. Оның үстіне, бар күш-жігерімді әлем чемпионатында сарқып қойдым. Бірақ, бүгін жолым болып, чемпион атандым. Бұл менің ғана жеңісім емес, Қазақстанның ортақ жеңісі», - деп атап өтті чемпион.

Сонымен бірге қазір қуаныштың дәмін сезіне алмағанын айтып өтті.

«Қазір чемпион ретінде өзімді сезініп тұрғам жоқ. Себебі, шаршаған организмім әлі ұйықтап жатыр. Қуанатын күндер алда екенін білемін. Бірақ, қанша жол басып келсем де жеңіс тұғырынан көріндім. Жарыс барысында аздап қателіктер жібергенімді түсінемін, бірақ ол олқылықтар жеңіске жетуіме көп кедергі болған жоқ. Бүгінгі жауған қар да аса бір кері әсерін тигізбеді. осылай қолдап жатқан барлықтарыңызға алғыс айтқым келеді», - деді жарыстан соң Ян Савицкий.

фото:Ізтұрған Алдауев

Соңғы жаңалықтар