Қуандық Бишімбаев: Мен Президент алдында кінәлі екенімді түсінемін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет қаржысын жымқырды деген айыпқа іліккен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Президент алдында айыпты екенін түсінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мен Президент алдында кінәлі екенімді түсінемін. Мен білетін, жұмысқа шақырған адамдар: Жақсыбаев, Жақыпов және басқалар менің сенімімді ақтамады, олар үшін мен Мемлекет басшысының алдында жауаптымын. Болып жатқан барлық жағдай үшін, Президенттің үмітін ақтай алмағаным үшін ұяламын әрі қиналамын. Кадр таңдауда қатты қателестім. Мені және менің сенімімді пайдаланған адамдарды өзіме тым жақындатып алдым. Мен Мемлекет басшысынан, бүкіл халықтан кешірім сұраймын», - дейді Бишімбаев.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 10 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұлттық бюродан мәлім еткендей, ол бірқатар адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталуда.

Бишімбаев Қызылорда қаласында әйнек шығаратын және өңдейтін зауыт салу барысында «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Өткен жылдың 12 қаңтары күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты оны «қамауға алу» туралы санкция берді. Тергеу нұсқасы бойынша, Бишімбаев заңсыз жолмен алған ақшалай қаражаттарын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Соңғы жаңалықтар