Қуандық Бишімбаев акциздер мөлшерлемелерін ұлғайтудан келетін қосымша түсімдерді жария етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Акциздер мөлшерлемелерін ұлғайтудан және қосылған құн салығы бойынша төменгі шекті кезең-кезеңмен төмендетуден түсетін қосымша түсімдер 237 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Заң жобасы Салық кодексіне 234 түзетуден тұрады, оның ішінде 27 түзету салық саясаты бойынша, 207 түзету салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша, салықтық және кедендік әкімшілендіруді оңтайландыруға бағытталған тұжырымдамалық сипаты бар 36 түзету қамтылған.

Заң жобасы бизнестің, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенінің іскерлік белсенділігін сақтауға, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты жақсартуға, жұмыс істемейтін несиелер деңгейін төмендетуге және банктердің Қазақстан экономикасын белсендендіруге бағытталған.

Республикалық бюджет комиссиясына шығарылған 2015-2019 жылдарға арналған бюджеттің және Ұлттық қордың шығындарының сомасы 176 705,1 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, акциздер мөлшерлемелерін ұлғайтудан және қосылған құн салығы бойынша төменгі шекті кезең-кезеңмен төмендетуден түсетін қосымша түсімдер 237 млрд теңгені құрайды»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрғызу мақсаттары үшін қолданыстағы ең төмендегі шектегі мәнді 2017 жылға дейін 30 мың АЕК-ке дейін сақтау қарастырылған.

Бұдан кейін 2020 жылға қарай кезең-кезеңмен 15 мың АЕК-ке дейін төмендеу ескерілген. ҚҚС шегін біртіндеп азайту есебінен 2018-2020 жылдары қосымша түсімдер 166 млрд. теңгеге жуық болады деп күтілуде.

Заң жобасы бірінші оқылымда қаралуда

Соңғы жаңалықтар