ҚТЖ-ның басқарма құрамы өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақстан темiр жолы» АҚ Ұлттық компаниясының басқарма құрамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасай отырып.

Құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ 2017 жылдың 6-шы сәуірінен бастап, Басқарма құрамы өзгергенін хабарлады», - делінген хабарламада.

ҚТЖ-ның мәліметіне сүйенсек, басқарма құрамынан Қаржы бойынша вице-президент Мақсат Қабашев пен Қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров шығарылды.

Ал, Басқарма құрамына «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры - Магистралды желі дирекциясы филиалының директоры Жарас Ізғұлов,  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның атқарушы директоры - «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті, Нұрдәулет Қилыбай,  «ҚТЖ» АҚ атқарушы директоры  «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ президенті Оралхан Құлақов сайланды.    

Сонымен қатар, басқарма құрамына Қанат Алпысбаев, Арман Сұлтанов, Санжар Елубаев, Ерік Имашев, Бауыржан Орынбасаров, Рүстем Хасенов, Жасұлан Мадиев, Жарас Ізғұлов енді.

Соңғы жаңалықтар