Криштиану Роналду 60 млн еуроны салықтан жасырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалия құрамасы және мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду неміс журналы "Шпигель" журналистері ашқан салық ісінің дау-дамайына қалды.

Басылымның жазуынша, футболшы бірнеше жыл бойы жарнамадан түскен табыстарын испандық салық қызметінен жасыруына көмектескен британдық Биргин аралдарындағы офшорлық фирмалардық қызметін пайдаланып келген.

Әңгіме ондаған миллион еуро жайында болып отыр.

ТАСС-тың хабарлауынша, бұл мәліметтерді  FootballLeaks порталы жариялаған. Роналдудың   60 миллион еуродан аса қаржыны жасыруына мүмкіндік туғызған схеманы оның агенті Жорж Мендеш ойластырған.

FootballLeaks бірнеше аптаның ішінде, оның ішінде танымал жаттықтырушы Жозе Моуринью мен немістің жартылай қорғаушысы Месута Озила да бар жаңа мәліметтерді жариялауға уәде беріп отыр.

Ал Жорж Мендештің компаниясы өз тарапынан мәлімдеме таратты. Онда Роналду мен Моуриньюдің Испания және Ұлыбритания салық органдарының алдында таза екендігі айтылған. 

Соңғы жаңалықтар