Криптовалютаны мейрамxаналарда да қабылдайды - депутат Қарағұсова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасы таныстырылды. Алайда аталған құжатта криптовалюта жайында ештеңе айтылмаған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, криптовалюта нарығы бақылауға алынбаса да, қазақстандықтар оны айырбас құралы ретінде пайдаланып жүр. "Астананы бір айналып өтсеңіз, криптовалютаның айырбас құралына айналғанын көресіз. Оны қабылдайтын сауда ұйымдары да бар. Көлік саудасы ғана емес, кейбір мейрамxаналарда да қызмет үшін криптовалютаны алады. Сондықтан оны мойындаймыз ба, жоқ па, қазір криптовалюта айналымы бар. Аталған валютаны төлем құралы ретінде де, жинақ ретінде де пайдаланады", - деп атап көрсетті Г.Қарағұсова.

Айта кетейік, депутаттар криптовалюта нарығын тездетіп бақылауға алуды талап етті. Себебі аталған мәселе үлескерлер проблемасы сияқты ушығып кетуі әбден мүмкін. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков криптовалютаға қатысты банктің ұстанымын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар