Криптовалюта мен майнинг «жыры»: Кірістер комитеті ҰҚК мәлімдемесіне пікір білдірді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік серверлерді криптовалюта майнингі үшін пайдаланған Қаржы министрлігінің қызметкерлері туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ҰҚК-да айтылған ақпаратқа қатысты Қаржы министрлігінде қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Бұған қоса ҚР ҚПК-нің 201-бабын сәйкес, тергеу барысы туралы ақпаратты қылмыстық істі жүргізіп жатқан орган прокурордың келісімімен ғана бере алады. Осыған байланысты біз айтылған фактілерді растап немесе жоққа шығара алмаймыз. Сонымен бірге, Комитет пен Қаржы министрлігіне төнген Кқпараттық қауіптің жоқтығын хабарлаймыз», - делінген МКК баспасөз қызметінің фейсбуктегі ресми парақшасында.

«Мемлекеттік қызметшінің әдеп Кодексі туралы кеңес, сонымен бірге ҚР ҚМ-ның барлық деңгейінде тұрақты түрде мемлекеттік ресурстарды жеке мақсатта пайдалануғақарсы заңсыздықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлайды МКК.

 Еске сала кетсек, ҚР ҰҚК бұған дейін Қаржы министрлігінің қызметкерлері мемлекеттік ақпараттық жүйелердің серверлерінде криптовалюталар өндіргенін хабарлаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар