Краснодарда көпқабатты үйдің қабырғасы құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснодар қаласында көпқабатты тұрғын үйдің екі қабатының қабырғасы құлады. Оқиғаға газ баллонының жарылуы себепші болған. Зардап шеккендердің саны алты адамға жетті. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлайды.

«Қазір жарақат алған 6 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың ішінде 2 бала бар. Зардап шеккендердің жарақаттары ауыр емес», - дейді агенттікке ақпарат берген адам.

«Сағат 10:20-да жарылыс туралы ақпарат түсті. Қабырға бірнеше жерден құлап, шатыр бөліктері қирады. Өрт шыққан жоқ. Төртінші бесінші қабат аралығындағы баспалдақ алаңшасы бүлінді. Адам өлімі тіркелген жоқ»,-деп хабарлайды жергілікті ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазір жауапты орындар бүлінген ғимаратты толық тексеруден өткізу  үшін «Стрела»  мобильді диагностикалық арнайы кешенін жібергелі жатыр.

Сонымен бірге баллонның жарылуына жол беру фактісі бойынша да тергеу жұмыстары басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар