ҚР және АҚШ президенттерінің келіссөздері Ауғанстан бойынша диалогтың форматын өзгертуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың келіссөздерінің қорытындылары бойынша Ауғанстан мәселесі бойынша диалогтың форматы өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Дипломатия институтының директоры Әнуар Аязбеков «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен сұхбатта осындай пікір айтты.

«Сапардың басты мақсаты біздің республика басшылығы мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігі арасындағы байланыстарды нығайту, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың саяси, экономикалық истеблишменттері арасындағы қарым-қатынасты дамыту болып табылады. Сарапшылар қоғамдастығында әзірше сапардың толық бағдарламасы жоқ. Дегенмен, бағдарламаның шырқау шегі 16 қаңтар күні Вашингтонда АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесу болатыны анық.

Меніңше, келіссөздердің қорытындысы бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жоспарлары туралы бірлескен мәлімдеме жасалады. Ядролық қаруды таратпау, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге назар аударылады деген болжам бар. Ерекше атап өтетін жайт, Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» диалогының жаңа форматы бойынша мәлімдеме жасалады. Соңғы кезде екі ел де Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға баса назар аударып отырғандықтан, аталмыш формат «С5+1+1» немесе «С6+1» формуласы түрінде өзгеруі мүмкін деп ойлаймын», - дейді Ә. Аязбеков.

Сарапшының айтуынша, Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тақырыптық отырысында сөйлейтін сөзі ядролық қаруды таратпау және ядролық қарусыздану мәселелеріне арналады. Қазақстанның әлемдік аренадағы басымдықтарының бірі ядролық қарудан таза әлемге қол жеткізу болып табылады әрі осы тезиске Елбасының баяндамасында баса назар аударылады. 


Фото pa-academy.kz

Соңғы жаңалықтар