ҚР Ұлттық бюросында кадрлық тағайындаулар болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық бюросында жаңа кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев.

«Ұлттық бюрода екі жаңа тағайындау болды», - деп жазды А.Шпекбаев Facebook-ке.

Ол ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы қызметіне ұлттық қауіпсіз органдарының подполковнигі Баянгазин Ернардың тағайындалғанын хабарлады.

Тергеу департаменті басшысының  орынбасары болып құқық қорғау органдарында 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар Жұмағали Асхат тағайындалды.

Бұдан бөлек, А.Шпекбаев дүйсенбі күні аппараттық жиналыста ұжымға заңнама мәселелері бойынша жаңа көмекші Хакім Көшқалиевті таныстырды.

«Ол түрлі жылдары прокуратура органдарында басшылық қызметтерді атқарды, Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды, қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып еңбек еткен», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар