ҚР Ұлттық банкінің басшысының атына 170-тен астам сауал жолданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің қатысуымен өтетін онлайн-конференцияның басталуына 1 аптаға жуық уақыт қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Осыған қарай 16 ақпаннан бастап, елдің банк секторындағы жағдайға, коллекторлық қызмет пен елде криптовалютаны қолдануға байланысты 170-тен астам сауал жолданды. Қазақстандықтарды Елбасы алдыға қойған еліміздің қаржы саласын оңтайландыруға және ұлттық валютаны қолдан жасалатын ақшалардан қорғауға бағытталған жаңа шаралар толғандырып отыр.

Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасының қатысуымен өтетін онлайн-конференция 22 ақпанда Алматыда өтеді және ол Ұлттық банктің серіктесі - «ҚазАқпарат» ХАА алаңы арқылы трансляцияланады.

Онлайн-конференция аясында ҰР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевқа қойылған ең қызықты сұраққа байқау жарияланды. Ондағы басты талап - сауал қызық болуы керек және оны мәнді етіп жеткізе білу маңызды.

Қазақстандықтар өздерінің сауалдарын «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі сайтының арнайы бөлімінде мына сілтеме бойынша қалдыра алады.

Соңғы жаңалықтар