ҚР Ұлттық банкі қанша алтын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі бағалы металл қорын толтыру үшін тазартылған алтынды қанша көлемде алғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бағалы металдар активтерін толтыру үшін тазартылған алтынды алуға мемлекеттің басымдықты құқығын іске асыру аясында Ұлттық банкі 2014 жылы 827 мың троя унциясы мөлшерінде (25,7 тонна) және 2015 жылы 962 мың троя унциясы көлемінде (29,9 тонна) алтын сатып алды»,-деп хабарлады ҰБ баспасөз қызметі ҚазАқпараттың ресми сауалына.

Ал 2016 жылы жинақталған таза алтынның көлемін Ұлттық банк алдағы уақытта жарияламақ, себебі қазіргі кезде тиісті есептеу шаралары жүріп жатыр.

 «Ұлттық банк алтынды өндіру мен өңдетуді төмендету немесе арттыру шараларын реттемейді. Бұл мәселе бағалы металдарды өндіретін субъектілердің жеке жағдайларына байланысты»,-дейді ҰБ өкілдері.

Соңғы жаңалықтар