ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,5% деңгейге дейін төмендетті

None
None
АСТАНА. ҚазаАқпарат - ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыздық аралық бойынша 9,75-тен 9,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыздық аралық бойынша 9,75-тен 9,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Жылдық инфляцияның баяулауы мақсатты дәліз ішінде 2018 жылы жалғасуда. Инфляциялық болжам төмендеу тенденциясынан хабар береді», - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Қысқа мерзімді аралықта жылдық инфляцияның 5-7 пайыздық төменгі дәлізіне шығып кету тәуекелі бар. Алайда орта мерзімді инфляция жаңа мақсатты дәлізде, яғни 2019 жылы 4-6 пайыз аралықта болады.

Сонымен бірге, жайлы тенденция мен сыртқы нарықтағы, сауда жөніндегі серіктес елдердегі жағдайларды ескере отырып, 2018-2019 жылдардағы Қазақстан экономикасының экономикалық өсімін сақтау үшін ҚР Ұлттық банкі 2018 жылы базалық мөлшерлемені баппен төмендету саясатын жалғастырмақ.

2018 жылдан бастап жылдық инфляция Ұлттық банк күткеннен жедел қарқынмен азаяды.

«Бағалардың мұндай динамикасы ішкі инфляциялық жағдайдың әлсіреуі мен сыртқы нарықтағы ұсыныстардың өсімімен байланысты болып отыр. Еліміздегі инфляцияның төменгі деңгейі - сауда жөнінде серіктестердің импорттық тауарларының төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, халықтың шынайы ақшалай табысының жайсыз динамикасының сақталуы аясында ішкі сұранысты қалпына келтіру баяу қарқынмен жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде тұтынушылық бағаға дезинфляциялы қысым түсіреді», - делінген мәтінде.

Инфляциялық тәуекелдердің мазмұны жоғарылатылған деңгейден төмендетілген деңгейге ауыстырылған. Ұлттық банктің бағалауынша, 2018 жылдың IV тоқсанында ішкі тұтынушылық сұраныстың төмендігі аясында инфляция деңгейі 5% мөлшерінде (мақсатты дәліздің төменгі шекарасынан төмен) болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар