ҚР Ұлттық банкі басшысы қаржы секторын қайта жаңғыртуға қатысты жоспарымен бөлісті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк басшысы Президенттің биылғы жолдауындағы алтыншы қадам  - Қаржы секторын «қайта жаңғырту» бойынша қаржы реттеушісінің жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы ҚР Ұлттық банкімен бекітілген ақша-несие саясатында 2018 жылы түбегейлі өзгеріс бола қоймайды. Қаржы реттеушісі инфляциялық тергеттеу аясындағы ақша-несие саясатын жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл шаралар 2020 жылы орта мерзімді инфляция көрсеткішін 4 пайызға жеткізуге бағытталған. Алдағы екі жылға 2018 жылы - 5-7 пайыз, 2019 жылы - 4-6 пайыз шеңберінде ұстап тұру мақсат етілді», - деді ол.

Сонымен қатар Ұлттық банк трансмиссиялық механизмдерді жетілдіруді жалғастырады.

Бұл бағытта банк секторын сауықтыру, экономиканы долларсыздандыру, қаржы реттеу нарығын оңтайландыру көзделіп отыр.

Президент айтқан түйткілді несиелер портфелінен арылу мәселесіне қатысты ҚР Ұлттық банк басшысы мысал келтірді.

«Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағдарламасы аясында Казкоммерцбанкті сауықтыру бойынша шаралар қабылданды. 2,4 трлн теңге көлеміндегі мемлекеттік қолдаудың арқасында халықтың депозиті, заңды тұлғалардың қаржысы сақталды. Қазір банктің жағдайы оі динамиканы көрсетіп отыр. Халықаралық рейтинг агенттіктері рейтинг көрсеткішін көтерді (Fitch - «ССС» - «ВВ-»)», - деді ол.

Сонымен қатар, Ақышев 5 ірі банкке көмекке берілген 650 млрд теңге туралы да түсіндіріп өтті.

Олардың активтерінің жалпы үлесі -  27,5%, жеке тұлғалардың депозиті - 25,5%, квазимемлекеттік сектор алдындағы міндеттемелері -  30%.

«Жалпы алғанда бағдарлама ұзақ мерзімге тиімділігін көрсетеді. Себебі, бағдарлама банктердің 1 трлн теңге көлеміндегі нашар несиелерін жоюға мүмкіндік береді», - деді бас банкир.

Соңғы жаңалықтар