ҚР Ұлттық банк басшысы Qazkom қалай құтқарылғанын айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Qazkom банкін құтқару жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың ортасында жүзеге асқан мәміле тұрақты институтты қалыптастыруға бағытталған.

«Біз банкті құрдымға тартатын «ауыртпалықтан» арылтуды ойладықӨкінішке орай сауықтыру жұмыстары еш нәтиже бермеді. Бірақ мәселе шешілмеді. БТА банкінің де проблемасы осылайша өсіп, ұлғайа берген. Бұл туралы қаржыгерлер конгресінде де айтылды. Егер мәселе шешілмесе, банк секторында өздігінен ештеңе жоғалып кетпейді. Сондықтан банкті радикалды сауықтыру туралы шешім қабылданды. Qazkomның БТА банкіне талаптары түгел проблемалық кредит қорына ауыстырылды», -деді ол.

Алайда, алғашқы 9 айда Qazkom әлі де шығынмен жұмыс істеп келеді. Ұлттық банк басшысы бұл өткен жағдайдың соңғы салдары ғана деп санайды.

«Qazkom банкі барлық нормативтерді орындап жүр. Qazkom - сауықтырылған қаржылық институт. Онда проблемалық несие портфелі жоқ емес, бар. Бірақ жалпы портфельде алатын үлесі аз. Менеджмент жұмыс жасап жатыр. Барлық теріс активтерге резерв жасалған.  Алаңдайтын ешнәрсе жоқ», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Halyk bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова осыдан бірнеше күн бұрын өткен баспасөз мәслихатында Qazkom банкінің қалпына келу процесі басталғанын айтқан болатын.

«Біз 170 млрд теңге көлемінде табыс күтіп отырмыз. Бұл Qazkom мен  Halyk bank шоғырландырылған табысы. Оның алдында Halyk bank табысы 135, 5 млрд теңге болатын», - деді Halyk bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Соңғы жаңалықтар