ҚР ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарада жоспарлы операция өткізіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰҚК Шекара қызметі бүкіл Мемлекеттік шекарада, соның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесінде жоспарлы шекаралық операция өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«Бұл операцияларды өткізудегі мақсат - шекара кеңістігіндегі құқыққа қайшы қызметтердің жолын кесу, лаңкестік, контрабандалық және басқа да қылмыстық қызметтерге қатысы бар тұлғаларды анықтау, шекара режимі мен көші-қон заңдылығының сақталуын тексеру. Осыған орай, шекарадан өтіп жатқан тұлғаларды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеру күшейтіледі», - делінеді хабарламада.

Сонымен қатар ешқандай шекарадан өтуді шектеу немесе тыйым салу шаралары қоланылмайды.

«ҰҚК ШҚ бөлімшелері мен әскери қызметкерлерінің қимылдары қатаң түрде заң аясында жүргізіледі, Қазақстан және шетел азаматтарының құқықтарына қысым жасауға жол берілмейді», деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар