ҚР ҰҚК: 60 бала қақтығыс аумақтарынан елге қайтарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда белсенді террористік аумақтардан оралған адамдармен, оның ішінде балалармен де жүйелі түрде оңалту жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Белсенді террористік аумақтардан оралған адамдармен, оның ішінде балалармен де жүйелі түрде дерадикализация жұмыстары басталды. Осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Антитеррорлық орталықтың бастамасымен, террористік аумақтарда болған балаларды оңалтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды» - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында.

Оның айтуынша, қазір елімізге 63 бала оралған. Шамамен тағы 50 бала елге қайтарылады деп күтілуде. «Бірден айтайын, қазір Сирия-Ирак аумағында 16 жасқа дейінгі 390 бала жүр, оның 214-і ұл, 176-сы қыз бала. Бұл аз сан емес, балалармен оңалту жұмыстарын жүргізу бойынша алда ауқымды шаруалар күтіп тұр. Біз аталған деректерді айта отырып оның шындыққа қаншалықты жақын екендігіне кепілдік бере алмаймыз. Балалардың террористік аумақтарда жүргені анық. Бірақ сол балалардың барлығы тірі ме? Осыны дөп басып айта алмаймыз»,- деді Нұрғали Білісбеков.

«Бізде бомбаланатын аумақтарда қазақстандықтар да жүр деген ақпарат бар. Мәліметті нақтылап тексеріп жатырмыз, бірақ бұл өте қиын шаруа, ол жақта ешқандай консулдық жоқ, қақтығыс аумақтарын жергілікті билік қадағаламайды десе де болады, бірақ біз қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз»,- деп атап өтті ол. 

Соңғы жаңалықтар