ҚР Үкімет басшысы ЕАЭО-ның бірыңғай цифрлық кеңістігі туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық кеңістігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық сарапшылардың бағалауына қарағанда, экономиканы цифрландыру әлемдік экономиканың көрінісін түбегейлі өзгертеді және 2025 жылға қарай ІЖӨ-нің үштен бір бөлігін құрауы мүмкін. Қазіргі кезде ЕАЭО-ның бірыңғай цифрлық кеңістігі белсенді талқылаудан өтіп жатыр. Бұл өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің, адамдардың, капиталдың еркін қозғалысын қолдайтын ең негізгі элементтердің бірі болуы тиіс. ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі біздің атқарған жетістіктеріміз бен әлемнің тың тәжірибесіне кіретін жиынтық базаға айналуға негізделген», - деді Сағынтаев Астанадағы «Еуразиялық апталық» форумында.

 Сонымен қатар Премьер-Министр ҚР Үкіметі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар жасап жатқанын еске салды.

 «Оның мақсаты экономиканың базалық секторларында әлеуетті әртараптандыру мен жүзеге асыруға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға, жаңа технологиялық құрылыс құруға бағытталған.

Қазақстанда цифрландыруды дамыту үшін кешенді қадамдар іске асырылуда, бұл өз кезегінде жүйелік дамуға, экономиканың салаларында түрленуге, электрондық мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру ғажәне креативті қоғамды құруға тың серпін береді», - деді Сағынтаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада «Еуразиялық апталық» халықаралық форум жұмысын бастады. Форумға қатысу үшінАстанаға  әлемнің 42 елінен мемлекеттік билік органдарының, іскерліктоптар мен бизнес қоғамдастықтың өкілдері келді . 

Соңғы жаңалықтар