ҚР ҰЭМ министрі болашақ жайлы ой толғау байқауы жеңімпаздарын марапаттады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздегі білім беру мектептерінің 5-9 сынып оқушылары арасында өткізілген «Мен және менің Қазақстаным 2025 жылы» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Байқау ҚР Ұлттық экономика мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Оған қатысу үшін балалар 2025 жылы Қазақстанды қалай елестетіні туралы ой толғау жазуға міндеттелген. Байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде 100-ден аса ой толғау (эссе) келіп, олардың ішінен ең үздік 27 шығарма таңдалып алынған. Жүлдеге ие болған 10 оқушыға ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов алғыс хат пен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің билетін табыс етті. Ал ақтық сайысқа шыққан 17 оқушы естелік мақтау қағаздарына иеленді.
null 

«Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Ешкім келіп біздің елімізді көркейтіп бермейді. Қазақстанның болашағын жас ұрпақтың көзімен көру аға буынға маңызды еді. Осы себепті байқауды өткізу туралы идея туды. Шет қалмай, белсенділік танытқан барлықтарыңызға көп рахмет!» - деп құттықтады Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Министрдің қолынан Алматыдан келген Әли Хасен, Гүлназ Молдаш, Астанадан Дана Оспанова мен Әдия Бабажанова, Қызылорда облысынан Аружан Қонысбекова, Өскеменнен Зере Маратова, Павлодардан София Нұрекенова алғыс хаттарға ие болып, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.
null 

«Байқау болатынын естіген кезде бірнеше күн бойы ойымды жүйелеп жүрдім. Одан кейін ой толғауымды қағазға түсіріп көргенімде мұғаліміме қатты ұнады. «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын», - дейді Өскеменнен келген Жамбыл гимназиясының оқушысы Зере Маратова.  

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, шығармаларда кездескен қызықты әрі маңызды ой толғаулар Қазақстанның 2025 жылғы Стратегиялық даму жоспарына енгізілмек. Сонымен қатар, министр қазіргі уақытта аталған құжатты сараптама және бизнес-бірлестіктердің өкілдері зерттеп жатқанын жеткізді.

Мектеп оқушыларының байқауы аймақтық және республикалық кезеңдерге бөлінген. Екінші кезеңнен сүрінбей өткен ой толғауларды арнайы комиссия логика және талқылаудың ауқымы, бағаның нақтылығы мен шешімі, идеяның бірегейлігі мен бере білуі сынды талаптар бойынша бағалады. Ақтық сайысқа шыққандар тарихи оқиғалар мен жеке дүниетанымына сүйене отырып, елдің дамуына қатысты ой пікірлерімен ерекшеленді.   

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар