ҚР ҰЭМ: Бизнестің есеп беруін үш есеге дейін қысқарту керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бизнестің мемлекеттік органдарға тапсыруы тиіс анықтамалары мен декларациялары 30 пайызға қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті. Мәжілістің жалпы отырысында министр кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша баяндама жасаған болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі уақытта бизнеске ақпараттық құрылғылардан көптігінен салмақ түсіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, статистикадан бастап әр түрлі мемлекеттік органдарға берілуі тиіс әр түрлі декларациялар, есеп беру, ведомстволық анықтамалар жетерлік. Олар ауқымды әрі адам ресурсын көп қажет етеді. Олардың жалпы саны - 1 600-ге жуық. Осы себепті, бір құқықтық-нормативтік құжатпен ақпараттық құрылғылардың тізімін бекіту ұсынылып отыр», - дейді министр.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, аталған құрылғыларды қайта қарау мен қосу қатаң регламенттеледі. Алғашқы кезеңде ақпараттық құрылғылардың санын 30 пайызға азайту көзделуде.

Айта кетсек, ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасына қатысты баяндама жасады. 

Соңғы жаңалықтар