ҚР Тұңғыш Президенті қоры талантты жастарға қолдау көрсететін болады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев екі жақты әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кездесуде қордың атқарушы директоры №1 облыстық арнайы коррекциялық мектепке «Монтессори кабинеті» кешенін сатып алуға сертификат тапсырды.

Облыс  басшысы Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ  сияқты қазақтың саңлақ өнер тұлғалары шыққан астаналық облыста талантты жастардың қанаттануына қолдау көрсетіп келе жатқан Тұңғыш Президент қорының атқарып отырған жұмыстарына ризашылығын білдіре отырып, табыс тіледі.

Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев өз кезегінде облыстағы жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында болып, кездесулер өткізгендігін, талантты жастардың көптігін айтып, қордың қаржылық мүмкіндіктері шеңберінде қолдау көрсететіндіктерін тілге тиек етті. Қор отандық ғылым және ақпарат технологияларын дамытуға өз үлестерін қосқысы келетін талантты жастарға арналған «Smart  Zholy»,  «Science Slam», «Ғылым» фестивалі» жобаларын жүзеге асыруда. Биылғы жылдың өзінде қор сексеннен астам іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар