ҚР СІМ Түркиядағы лаңкестік бойынша қорытынды ақпаратты мәлім етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түні Ыстанбұлдағы түнгі клубта болған шабуылдан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов телефон арқылы хабарлады.

«Түркиялық тараптың хабарлауынша, Ыстанбұлдағы теракт салдарынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл нақты расталған ақпарат», - деді Әнуар Жайнақов.

Бұдан бұрын «ҚазАқпарат» ХАА мәлім еткендей, Ыстанбұлдағы Reinа түнгі клубына жасалған шабуыл салдарынан 35 адам қаза тауып,  жараланғандар саны 40-қа жетті. Бұл туралы Ыстанбұлда жүрген отандасымыз Нұрат Илияс жергілікті билік мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Санта Клаус костюмін киген екі ер адам  "Рейна" түнгі клубына басып кіріп, бейберекет оқ атқан. Олар шабуыл жасаған кезде ғимараттың ішінде 700-800 адам болған.

«2017 жыл Түркияның ірі қаласында террорлық актімен басталды. Салафиттер түнгі клубқа кіріп автоматтан жаппай оқ ата бастады. Олардың пікірінше, Жаңа жылды мерекелеу - бұл харам. Және мұндай пайымдау әлеуметтік желіде таралған»,-деп жазды  Нұрат Илияс Facebook-те. Ол Ыстанбұл университетінде «тюркология» мамандығы бойынша  докторантурада оқиды. Үш жылдан бері осы қалада тұрады.

Ыстанбұл түнгі клубында оқ атқан лаңкестердің бірінің көзі жойылды, деп хабарлады Guardian. 

Соңғы жаңалықтар