ҚР СІМ Торонтода зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Канададағы дипломаттары Торонтода зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

«Біздің Канададағы дипломаттар қазір жергілікті полиция өкілдерімен тығыз байланысты жұмыс істеп жатыр. Біз Торонтода микроавтобустың жаяу жүргіншілерді басып кету оқиғасынан зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғын тексерудеміз»,-деп жазды Ә.Жайнақов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Оның мәліметтері бойынша, осы уақытқа дейін оқиғаның салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Канаданың орталығындағы Торонто қаласында микоравтобус жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, 16 адам жарақат алған болатын.

Соңғы жаңалықтар