ҚР СІМ Сеулде көз жұмған қазақстандыққа қатысты түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ Оңтүстік Корея астанасы Сеулде көпірден құлап, көз жұмған қазақстандыққа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, 32 жастағы жігіт Сеулдегі жаяу жүргіншілер көпірінен құлап кеткен.

«Полиция айтқандай, ол көпірден секіріп көз жұмған. Оның қалтасынан күнделік табылды. Оны жақындарына береміз», - деді ол.

Әнуар Жайнақовтың айтуынша, қазіргі таңда оның денесін Қазақстанға жеткізу мәселесі талқыланып жатыр.

Марқұм Оңтүстік Кореяда құмар ойынын ойнаумен айналысқан.

Соңғы жаңалықтар