ҚР СІМ басшысы Лондонда қазақстандық-британдық кеңес өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 20-22 қарашасы күндері ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Лондонға сапар жасайды. Бұл жайында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әбдірахманов сапар барысында британдық іскерлік, академиялық және саяси сектордың жоғары мәртебелі өкілдерімен кездеседі. Бұл кездесулер барысында Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы мығым серіктестікке, одан ары ынтымақтастықтың салаларын айқындауға баса назар аударылатын болады», -  делінген Елшілік ақпаратында.

Сондай-ақ таратылған мәліметке қарағанда, Қайрат Әбдірахманов БК Сыртқы істер және достастық істері жөніндегі министрі Борис Джонсонмен кездесіп, стратегиялық диалог жөніндегі қазақстандық-британдық кеңес өткізеді. Мұнан бөлек, Ұлыбританияның Сыртқы істер және достастық істері жөніндегі мемлекеттік министрінің орынбасары Алан Дунканмен жеке кездесуі де жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар