ҚР СІМ Бахрейннен 18 жасар қызды елге қайтару мерзімін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 жасар қарағандылық қыз Бахрейнге табысы жоғары жұмысты табу мақсатымен барған, алайда бұл елге жеткен бетте сексуалды құлдыққа түскен.

«Оны елге қайтару мәселесі қазіргі кезде қарастырылып жатыр. Осы ретте нақты мерзімді қазір айта алмаймын. Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр және бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін қызды елге қайтару мәселесі шешіледі»,-деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

«Аталған қызға байланысқа шығуға тыйым салынды деп тараған ақпарат шындыққа сай емес. Бахрейн полициясы қазақстандық қызға қонақ үйде болған кезде жергілікті тұрғындардан ешкіммен байланысқа шықпауды ұсынды. Бұл ретте тыйым салынып отырған жоқ, яғни полиция оның қауіпсіздігі тұрғысында ескерту жасады. Атап айтқанда, тергеу амалдары аяқталғаннан соң, қызды Қазақстанға қайтару мәселесі шешімін табады»,-деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.

 Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын 18 жасар қарағандылық қыз сексуалды құлдықтан босатылды. Осы ретте оны босатуға қазақстандық дипломаттар жәрдемдесті.

Қазақстандық азаматша көмек көрсету туралы жанайқайын БАҚ арқылы хабарлады. Оны аталған елге алдап апарған. Бахрейндегі қонақ үйге жеткен кезде оның төлқұжатын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. 

Соңғы жаңалықтар