10:39, 07 Мамыр 2018 | GMT +6
ҚР Президентінің телерадиокешені Отан қорғаушылар күніне орай видеоқұттықтау жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені Отан қорғаушы күніне орай видеоқұттықтау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті еліміздің ер-азаматтары және батырлары! Отан қорғаушылар күні баршаңызға құтты болсын! Атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және барлығымызға бейбіт, тату-тәтті ғұмыр тілейміз», - делінген телерадиокешеннің Фейсбуктегі парақшасында.