ҚР Президентінің АҚШ-қа сапары Қазақстан дипломатиясының тиімділігін көрсетеді -БҰҰ өкілі

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары Қазақстан дипломатиясының бейбіт те прагматикалық жақтарын көрсетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің АҚШ-тағы арнайы тілшісіне берген сұхбатында Science Po Франция саяси зерттеулер институтының профессоры БҰҰ сарапшысы Шахрбану Таджбакш (Shahrbanu Tajbakhsh) білдірді.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары маңызды әрі қазақстандық дипломатияның бейбіт те прагматикалық жақтарын айқындайды. Қазақстан Ресей, Қытай сияқты Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің, АҚШ пен Еуропалық Одақ сияқты мемлекеттер мен ұйымдардың және Ислам ынтымақтастығы ұйымы сияқты халықаралық дәрежедегі ұйымдардың мүдделері тоғысып жататын құрылымдар мен диалог алаңдарының қатысушысы ретінде көпке танымал»,-деді ол.

Сарапшының пікірінше, Қазақстан көптеген халықаралық мәселелердің шешімін табуда көрегендік танытып жүр.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары кроссөңірлік және кроссекторлық қауіпсіздік пен дипломатия мен Ауғанстандағы жағдайды реттеуде бейбіт ынтымақтастықтың дамуына серпін берді»,-нақтылап өтті Ш.Таджбакш..

Соңғы жаңалықтар