ҚР Президенті жанынан цифрландыру жөніндегі комиссия құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстанды цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құрылады. Мұндай ұсынысты бүгін цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент жанынан арнайы комиссия құру қажет. Жұмыс органы Премьер-Министр мен оның кеңсесі болады. Бағдарламаны ескертпелерді қаперге ала отырып соңына дейін аяқтаңдар, оны нақтылаңдар және іске көшіңдер. Жылдың соңына дейін сіздерге уақыт беріледі. Келесі жылдың 1 қаңтарынан жеке өзім ай сайын бақылауға алатын боламын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы цифрландыру жөнінде Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында бірлескен комиссия құру қажеттігін атап өтті.

«Бастамашы өзім болған Еуразиялық экономикалық одақтамыз. Ресей, Қазақстан және Беларусь күш біріктіре отырып, комиссия және бірлескен бағдарлама құруды ұсынамын. ЕАЭО-ның басқа мүшелерін ренжіткім келмейді. Олар да қосыла алады. Бірақ біз бірінші кезекте цифрландыру бойынша комиссия құрып, ілгерілетуіміз керек. Өйткені, әртүрлі тәжірибе бар. Біз оларды бір-бірімізбен бөлісіп, көмектесе алар едік. Мамандар да бар», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар