ҚР Президенті Самарқандтың көрікті жерлерін аралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Самарқанд қаласына барып, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі елдің басшысы Самарқанд қаласындағы Форумдар кешенінде кездесті. Президенттер екіжақты ынтымақтастық мәселелерін тағы бір мәрте пысықтап, әріптестік байланыстарды дамыту жайын талқылады. Бүгінде Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар нығайып келеді. Шекарадан өту шаралары жеңілдетілгеннен кейін екі елдің xалқы жақындай түсті, өзара алыс-беріс те күшейіп келеді.

«Келіссөздер аяқталғаннан кейін екі елдің президенттері Хизрати Хизр мемориалды кешеніне барды. Ол жерде Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов жерленген. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен бірге Самарқандтың көрікті жерлерін аралап шықты», - делінген ресми xабарламада.

Айта кетейік, өткен аптада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Орталық Азия елдері басшыларының жұмыс кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген болатын.  Аталған шара Ақордада өтті. Кеңеске Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев және Түрікменстан Меджлисі төрайымы Акджа Нурбердыева ханым қатысты.  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Орталық Азия елдері басшыларының байланысы жандана түсті. Кешке «Астана Опера» театрында өткен салтанатты шарада Н.Назарбаев Өзбекстан Президентін «Достық» орденімен марапаттады. 

Соңғы жаңалықтар