ҚР Президенті мен Сауд Арабиясының Королі әлемдік мұнай нарығындағы ахуал жөнінде пікір алмасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасып, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қазан айындағы Сауд Арабиясына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Сауд Арабиясының Королі екіжақты қарым-қатынастың дамуына ерекше мән беретінін айтып, саудиялық компанияларға Қазақстандағы мұнай және газ өңдеуге арналған жобаларды жүзеге асыруға атсалысу жөнінде тапсырма беруге ниетті екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Қазақстан Президентін Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің табысты өтуімен құттықтады.
Сондай-ақ, екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар